Жаңалықтар

Үш жастағы қыздың өлімі: сотталушының адвокаты судьяны ауыстыруды сұрады

Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр/фото: shutterstock

Астана сотында Dental Park Ortho стоматологиясында қайтыс болған үш жастағы Зере Есентайдың ісі қаралып жатыр.  Сотталушы – анестезиолог Аида Жұмағалиева.

2025 жылдың 18 желтоқсанындағы сот отырысында сотталушының адвокаты Сағынғали Елеуов қылмыстық іс бойынша сот тергеуін қайта бастау туралы өтінішхат жолдады.

Сондай-ақ қылмыстық істі қарап жатқан судья Қажымұқан Мекемтасқа қарсылық білдірді.

Өтінішхатты судья Қанат Тобағалиұлы қарады. Сот қаулысымен судья ауыспайтын болды. Осылайша сот тергеуі аяқталып, сот жарыссөзі басталады.

Анестезиолог туралы не белгілі?

Аида Жұмағалиева – Ресей азаматы, екі баласы бар. Қазақстанға 2019 жылы келген. Бастапқыда Батыс Қазақстан облысындағы балалар ауруханасында жұмыс істеген. Содан кейін Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына ауысқан. Ол жерде де екі жыл жұмыс істеп, 2023 жылдан бері Астана қалалық балалар ауруханасында жұмыс істейді.

Бұған дейін сотталушы қайғылы оқиға болған күні қалай әрекет еткенін айтты.