«Самұрық-Қазына» Лукойл пен Роснефтьке салынған санкциялардың әсерін бағалап жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Самрук-Казына» предложил распустить депутат из-за убыточного актива
Қор активтеріне санкция әсер бар ма / Фото: Самұрық-Қазына

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры «Лукойл» мен «Роснефтьке» қарсы енгізілген санкциялардың қор активтері мен бірлескен жобаларына әсерін сараптап жатыр. Бұл туралы компания қаржы есебінде жазылған.

2025 жылғы 15 қазанда Ұлыбритания «Лукойл» компаниясына санкция енгізді. Бұл санкциялар компанияның активтерін бұғаттау, директорларға шектеу қою және сенімгерлік қызметтерді шектеуді қамтыды.

Ал 2025 жылғы 22 қазанда АҚШ «Лукойл» мен «Роснефть» компаниясын санкциялық тізімге қосты. Осы шешімге сәйкес, АҚШ юрисдикциясына кіретін тұлғалар мен ұйымдарға бұл компаниялармен кез келген мәміле жасауға тыйым салынды.

Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» аталған екі компаниямен бірге жүзеге асырылып жатқан жобаларға бұл санкциялардың ықтимал әсерін бағалап жатыр.

«Лукойл» мұнай компаниясы Қазақстандағы бірнеше жобаға қатысады. Олардың арасында Қарашығанақ пен Теңіз ірі мұнай кен орындары бар. Бұған қоса, ресейлік компанияның қазақ мұнайының 80%-ы айдалатын Каспий құбыр желісі консорциумында 12,5% үлесі бар.

Қордың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз» «Лукойлмен» бірлесіп Каспий теңізі жағалауындағы «Қаламқас-Хазар» кен орнын игеріп жатыр. Kalamkas-Khazar Operating жобасының 50%-ы «Лукойлға», қалғаны «ҚазМұнайГазға» тиесілі. «Роснефть» те Каспий құбыр желісінің негізгі акционерлерінің бірі.

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры 2025 жылдың тоғыз айында 2,5 трлн теңге таза пайда тапқан

Сондай-ақ оқыңыз