Lifestyle

Қазақ тағамдары әлемдегі ең дәмді 100 дастарқан тізіміне енді

фото: ЖИ-мен жасалған

Taste Atlas сайты әлемдегі ең дәмді 100 дастарқанын тізімін жариялады. Ол рейтингке Қазақстанда еніп, 98-орынға тұрақтады. Бұл жайлы журналист Руслан Меделбек телеграм арнасында жазды.

Тізімде Италия, Грекия, Перу мен Португалия дастарханы көш бастап тұр. Наполитано пиццасы, Крит зәйтүн майы, Криоль ащи соусы және Баррозан сиыр еті әлемдегі дәмді тағамдар деп саналды.

Одан бөлек тізімде жапон сушиі, түрік таңғы асы, үнділердің сарымсақ пен сары май қосылған наны, америкалық барбекю, медовик торт пен тұшпара да бар.

Қазақ дастарқанына самса, ет, бауырсақ пен қазы, жеті шелпекті ең дәмді тағамдар деп тапқан.

Қазақстанның ең дәмді тамақтары: самса, шұжық, асылған ет, бауырсақ, қазы, тоқаш, кеспе көже, шелпек, құрт, сары май.

Рейтинг туристердің бағасы негізінде жасалған.