Қазақстанда Roblox ойыны бұғаттала ма

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Roblox в Казахстане блокировать не планируют
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда Roblox ойыны бұғаттала ма? Бұл сұраққа мәдениет және ақпарат министрі Евгений Кочетов жауап берді. Оның сөзінше, ешқандай шағым түспеген, сондықтан ол платформаны шектеу мәселесі талқыланып жатқан жоқ.

Ал шектеу енгізілсе де, оның Roblox-ке қатысы болмайды.

«Заң бойынша, Roblox онлайн-платформа деп саналмайды. Яғни шектеу туралы норма қабылданса да, бұл платформаға әсерін тигізбейді», – деді ол.

Кочетовтың сөзінше, ата-аналар тарапынан ресми түрде ешқандай шағым түспеген.

Осыған дейін бұл ойын Ресейде  «экстремизм мен ЛГБТ-ны насихаттайды»  деп бұғатталған еді. Роскомнадзордың мәліметінше, онда балалар қатысатын қауіпті контент көбейген.

Сондай-ақ оқыңыз