Смартфон ұстаған оқушылардың ата-аналарына бірде-бір рет айыппұл салынбаған

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Сенат кулуарында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова сабақ кезінде ұялы телефон ұстағаны үшін ата-аналар қаншалықты жазаланып жатқаны жайлы тілшілердің сұрағына жауап берді.

Елде сабақ кезінде ұялы телефонды қолдануға тыйым салынған. Егер оқу процесінде ақпараттық технологиялар аясында түрлі контентті пайдалану, электронды оқулықтар немесе түрлі қосымшаларды ашу керек болса, мұғалімнің жоспарымен смартфонды қолдануға болады.

Майра Мелдебекованың айтуынша, оқушылардың осы талаптарды орындамауына қатысты мұғалімдерден шағым түспеген.

«Тиісті шектеуге қарамастан оқушылардың сабақ кезінде смартфон ұстауына қатысты ата-аналарына айыппұл салу деректері тіркелмеді», – деді вице-министр.

Бұған дейін Оқу-ағарту бірінші вице-министрі заңнамадағы тиісті шектеуге қарамастан оқушылар мектепте смартфон пайдаланса, ата-анасына айыппұл салынатынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз