Air Astana-ның Делиге қонған ұшағындағы жолаушылар шағымданды

Air Astana әуе компаниясының «техникалық себеппен» Дели әуежайына қонуға мәжбүр болған ұшағындағы жолаушылар шағымданып жатыр. Олар компания таратқан ресми мәліметті жоққа шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, 18 желтоқсанда Air Astana-ның Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшағы сапарын жарты жолда тоқтатты. Ресми мәліметке қарағанда, бортында 138 жолаушы бар ұшақ Алматы қаласынан түнгі сағат 01: 00-де ұшып шығып, таңертең сағат 05:51-де Делиге қонуға мәжбүр болған. Таңертең сағат 8:50-де әуе компаниясы былай деп таратты:
«Жолаушылардың бәріне тамақ беріледі. Уақытша визалар ресімделді. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр».
Алайда ұшақ бортындағы жолаушылар әуе компаниясы таратқан мәліметті жоққа шығарып жатыр. Мәлімет журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жарияланды. Олар тамақ та, су да бермегенін, визаны да тураламағанын жеткізді. Жолаушылар «тарт гейтте күтіп тұр».
Air Astana дерегінше, қазір жолаушыларды Бангкокқа жеткізу үшін қосалқы борт дайындалып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын ғана – 17 желтоқсанда таңертең Air Astanana-ның Алматыдан Астанаға ұшқан КС-851 рейсін орындаушы ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болған. Өйткені салонда түтін шығып, экипаж MAY-DAY дабылын қосқан.