Президент Тоқаев жапон императоры Нарухитоның сарайына барды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Тоқаев жапон императоры Нарухито
фото: Ақорда

18 желтоқсанда таңертең Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония императорының сарайына келді. Оны император Нарухито қарсы алды.

Ақорда президент кортежінің сарай алдына тоқтағанын, оны есік алдында Нарухито күтіп тұрғанын, сонымен бірге екеуі қол алысқанын көрсетті.

Мемлекет басшысының Жапонияға сапары сәрсенбі күні кешке басталған. Президент мінген ұшақ Токио қаласының Ханэда әуежайына қонған. Тоқаевты ол жерде Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу күтіп алған.

Президент бүгін жапон императорымен, сонымен бірге осы елдің премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізеді. Бұған қоса Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз