Тоқаев пен Такаичи келіссөз жүргізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні Токиода жапон премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы бұған дейін Жапонияда төрт рет болғанын, бірақ президент ретінде осы елге алғаш рет келіп отырғанын айтты.
«Біз Жапонияны алыстағы көршіміз, дегенмен жақын әрі сенімді досымыз деп жиі айтамыз», – деді Тоқаев.
«Қазақстанды заң үстемдігіне негізделген еркін әрі ашық әлемдік тәртіпті нығайту ісінде стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз», – деп жауап берді Такаичи.
Ресми мәлімет бойынша, келіссөздерде сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты дамыту талқыланды.
Тоқаевтың Жапониядағы ресми сапары 17 желтоқсанда басталды. Ал бүгін ол жапон императоры Нарухитомен кездесті.
Президент сапары барысында Қазақстан мен Жапония 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қояды.