Жәнібек Әлімханұлының екінші допинг сынамасы ашылатын күн мәлім болды

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының екінші допинг сынама ресми түрде ашылатын күн мәлім болды. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Федерация дерегінше, B сынамасын ашу алғашқы нәтижені растау немесе жоққа шығару үшін қажет.
«Оны ресми тіркелген тәуелсіз зертханада, барлық хаттама шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Спортшының өкілдері мен мүдделі топтар да қатысады», – деп түсіндірді мекеме.
Ұйым тексерудің ресми нәтижесі шықпайынша, Әлімханұлының жағдайына қатысты айыптау, болжам жасауға қарсы екенін айтты. Ресми мәліметте B сынамасы нақты қай күні ашылатыны жазылмады. Бірақ федерация басшысы Рақымжан Ерденбеков жанкүйерлер сұрағына «8 қаңтар» деп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы желтоқсанның басында WBO, IBF бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рұқсат етілмеген мельдоний допингін қолданды деген күдікке ілінді. Соған байланысты ол үш атағынан да айрылды.
Шамамен бір апта өткен соң қазақ боксшысы жанкүйерлеріне арнап маңызды мәлімдеме жасады.