Жанболат пен Жазира келін түсірмекші

Жарияланды 18 Желтоқсан 2025 14:28

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: ашық дереккөзден

Өнерлі жұп Жанболат пен Жазира Байырбекова келін түсіруге дайындалып жатыр. Жақында олар тәтті шай өткізіп, болашақ құдаларымен танысқан.

«Болашақ құдаларымызбен танысу шәйі. Қасымыздан табылған достарымызға рахмет», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Келінімен танысқан сәтін Жазира Байырбекова инстаграмға салды. Жастар мен ата-аналары, олардың жақындары бірге бас қосқан. Тәтті шайға келгендер арасында Сәкен Майғазиев пен оның жары Динара Майғазиева, Тоқтар мен Бейбіт, Нұрлан Еспанов та бар.

Жанболат пен Жазира Байырбекованың Қазбек есімді ұлы, Дара есімді қызы бар.

Осы жылы жазда Сәкен Майғазиев үлкен ұлы Әділетті үйлендіріп, келін түсірген. Үйлену тойын тікелей эфирде өткізіп, он мыңға жуық адам тікелей тамашалады.

Тойға 800-ге жуық қонақ шақырылды.

Сондай-ақ оқыңыз