Ресейден ең көп сүт импорттаған мемлекет – Қазақстан

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

2025 жылдың 9 айында Ресей шетел нарығына шамамен 29 мың тонна сүт пен кілегей экспорттады. Өнімдердің құны 40 млн долларға жуықтады. Ал оларды ең көп сатып алған Қазақстан болып отыр.

Ресей Федерациясының АӨК өнімдерін экспорттауды дамыту федералдық орталығының мәліметінше, жеткізілім тауар түрінде 4%-ға, ал ақшалай мәнде 23%-ға өскен.

Сүт пен кілегей импорттайтын елдердің үздік бестігін Қазақстан бастап тұр. Ресей елімізге экспорттаған өнімнің 54%-ын жіберген.

Қалған елдер бойынша:

  • Қырғызстан – 11%;
  • Беларусь – 10%;
  • Абхазия – 7%;
  • Грузия – 6%.

Федералдық орталықтың мәліметіне сәйкес, экспорттың ең үлкен бөлігін құрамындағы май үлесі 10%-дан жоғары сүт өнімдері құрайды, бұл – шамамен 18 млн доллар.

Бұған дейін, Қазақстанның Ресейден келетін азық-түлікке тәуелділігі артып бара жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз