«Эмили Парижде» сериалының 5-маусымын қайдан көруге болады

Жарияланды 19 Желтоқсан 2025 13:00

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: Emily_in_paris

Netflix платформасындағы ең танымал әрі көптен күткен жобалардың бірі: «Эмили Парижде» (Emily in Paris) сериалы жаңа, 5-маусымымен қайта оралды. Netflix дерегінше, 18 желтоқсан күні жаңа маусымның барлық 10 бөлімі бірден шықты.

Сериалдың авторы Даррен Стар:

«Бұл маусым – екі қаланың, Рим мен Париждің тарихы. Осы екі шаһардың тоғысында жүрген Эмили махаббат пен өмірді жаңа деңгейге шығарады», – деді ол.

Актерлік құрам

Жаңа маусымда басты кейіпкерлер өзгеріссіз қалғанымен, сериалға жаңа кейіпкерлер қосылды. Көрермендер төмендегі актерлерді қайта тамашалай алады:

  • Лили Коллинз – Эмили Купер
  • Филиппин Лерой-Больё – Сильви Грато
  • Эшли Парк – Минди Чен
  • Лукас Браво – Габриэль
  • Самуэль Арнольд – Жюльен
  • Бруно Гуери – Люк
  • Уильям Абади – Антуан Ламберт
  • Люсьен Лавискаунт – Альфи

Жаңа кейіпкерлер рөлінде:

  • Эудженио Франческини – Марчелло
  • Талия Бессон – Жаневьев
  • Пол Форман – Нико
  • Арно Бинар – Лоран

Неге оқиға Римде өрбиді?

Төртінші маусымда Эмилидің италиялық сән империясының мұрагерімен қарым-қатынасы басталған болатын. Осыған байланысты басты кейіпкер Италияға көшіп, Рим қаласында Grateau агенттігінің кеңсесін ашуды қолға алады.

«Эмили Римде болады. Бірақ бұл оның Парижде болмайтынын білдірмейді», – деп түсіндірді Даррен Стар.

Сериал авторының айтуынша, Эмилиді Италияға «жіберу» идеясы көрерменді таңғалдыру, жаңа локациялар көрсету және жобаның ықпалын кеңейту мақсатында туған.

Еске сала кетейік, сериалдың алғашқы маусымы 2020 жылы жарық көрді. Онда америкалық Эмилидің Парижге жұмысқа келіп, жаңа өмірге бейімделу жолы баяндалады.

Екінші маусымның соңында ол британдық Алфимен қарым-қатынасты жалғастыру немесе бұрынғы сезімі – аспаз Габриэльге қайта оралу арасында таңдау жасауға мәжбүр болды.

Үшінші маусым Камилль мен Габриэльдің үйлену тойының бұзылуымен және Эмили мен Алфидің ажырасуымен аяқталды.

Ал төртінші маусымда Эмили сезімдері мен өмірлік шешімдерін қайта саралай бастайды.

«Emily in Paris» 5-маусымын қайдан көруге болады?

«Эмили Парижде» сериалының 5-маусымындағы барлық 10 бөлім қазірдің өзінде қолжетімді. Сериалды emily-in-paris.cam сайтынан толық көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз