Енді шетелдегі интернет-роумингті банк қосымшасы арқылы сатып алуға болады

Жарияланды
Freedom Bank
Фото: Freedom Bank

Freedom SuperApp шетелге шығатын саяхатшыларға арналған интернет-роумингті сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа сервисті іске қосты. Сервис eSIM арқылы мобильді интернетке қосылуға жол ашады. Бұл Freedom Bank пен сингапурлық Boxo технологиялық компаниясы арасындағы серіктестік негізінде іске асқан.

Сервистің негізгі мүмкіндіктері

Жаңа шешім eSIM-ді тікелей банк қосымшасында бірнеше клик көмегімен рәсімдеуге мүмкіндік береді. Қызмет түрі әлемнің 200-ден астам елін, соның ішінде Еуропа, АҚШ, Түркия, БАӘ және Таиланд сияқты танымал бағыттарды қамтиды.

Тарифтердің құны мен шарттары

Базалық интернет-пакеттердің бағасы 1 900 теңгеден басталады. Сатып алу кезінде 7%-ға дейін кешбэк есептеледі. Айталық, Таиландтағы 7 күндік шектеусіз интернет құны – 3 800 теңге, Египетте – 6 700 теңге. Түркия мен Өзбекстандағы 3 күндік шектеусіз пакеттер 5 200 теңге көлемінде бекітілген.

Қауіпсіздік және қосылу жолы

Сервис халықаралық сертификатталған хаттамаларға сәйкес жұмыс істейтігі хабарланды. Бұл пайдаланушы деректерінің қорғалуына кепілдік береді.

Қызметті пайдалану үшін қосымшадағы «Сервистер» бөліміне өтіп, «Шетелдегі интернет» функциясын таңдау қажет. Пайдаланушы қосымша арқылы трафик көлемі мен тарифтің қолданылу мерзімін бақылай алады.

Freedom Bank атқарушы директоры Вячеслав Кимнің айтуынша, қадам банктің цифрлық экожүйесін кеңейтуге және саяхат процесін жеңілдетуге бағытталған.

«Біз қаржыдан бастап лайфстайлға дейінгі барлық маңызды сервистер әрдайым қолжетімді болғанын қалаймыз. Саяхаттау – ақша аудару немесе сатып алу ақысын төлеу сияқты оңай болуға тиіс. Freedom Bank пен Boxo интеграциясы – Қазақстан жаһандық IT-шешімдер мен халықаралық серіктестіктерді енгізу алаңына айналып жатқанының тағы бір дәлелі», – дейді ол.

Freedom SuperApp – қаржылық қызметтерді, мемлекеттік сервистерді және lifestyle-өнімдерді (билеттерді брондау, жеткізу және т.б.) біріктіретін банктік мобильді қосымша. Boxo – тревел-сервистер мен байланыс қызметтерін интеграциялауға мүмкіндік беретін, цифрлық экожүйелерге мини-қосымшаларды ендіруге арналған платформа.

Бұған дейін, Freedom Holding Corp. (FRHC) бас директоры және мажоритарлық акционері Тимур Турлов жылды қорытқакн көлемді сұқбатында холдинг «»жай ғана суперапп емес, өсуге арналған орта құрып жатқанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз