Израиль делдалдардың атысты тоқтату әрекетіне қармастан Газа аймағына оқ жаудырды

Израиль күштері Газа секторының оңтүстік бөлігіне бірқатар авиациялық және теңіз соққы жасады. Палестинаның Wafa ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шабуылдар Хан-Юнис пен Рафах аудандарында тіркелген.
Хан-Юнистің шығысындағы Бани-Сухейл аймағында Израиль авиациясы тұрғын аудандарға соққы жасады. Сонымен бірге, қаланың шығыс аудандарына пулемет атысы, сондай-ақ, артиллериялық соққы жасалды. Израиль әскери-теңіз күштері Хан-Юнис жағалауында оқ жаудырды.
Рафах ауданында израильдік қайықтар жағаға жақын орналасқан балық аулау кемелеріне қарай пулеметпен оқ жаудырды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Шабуылдар 10 қазанда күшіне енген Газа секторындағы атысты тоқтату режиміне қарамастан жасалған. Палестина тарапы анклав аумағындағы азаматтық нысандарға қарсы соғыс қимылдары туралы мәлімдейді.
Сонымен қатар, АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, жұма күні Америка президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздерінде делдал елдер Қатар, Мысыр және Түркия өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Келіссөздер Майамиде өтеді деп күтілуде. Мұнда Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің екінші кезеңін одан әрі жүзеге асыруды талқылануы керек.