Жаңалықтар

Маңғыстауда полиция қылмыстық топ құрды: қызметтік тексеру қорытындысы жарияланды

полиция
Маңғыстауда полиция қылмыстық топ құрды: қызметтік тексеру қорытындысы жарияланды / Фото: Shutterstock

Маңғыстау облысы полициясының басшысы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған анонимді ұжымдық хат тарағаннан кейін Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Кazinform.

Агенттіктің хабарлауынша, Ішкі істер министрлігінің комиссиясы жүргізген тексеру қорытындысы бойынша тағылған айыптардың ешқайсысы расталмаған. Анонимді ұжымдық хатта 15 тармақ бойынша айыптаулар болғандығы атап өтілді.

Осы мәселе бойынша комиссия мүшелері Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Бердіғали Берекетов, Киікбай Ешман, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов және жергілікті қажылар бірлестігінің төрағасы Әбдірахман Қуанышбек анонимді хатта баяндалған барлық мәліметтер жала екеніне мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшылығы қылмыстық топ құрғаны туралы ақпарат тараған еді.