Жаңалықтар

«Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ»: Байханов желіде неге отыратынын түсіндірді

Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов тредске тіркелген бірден-бір әкім. ОКҚ алаңында журналистерге берген жауабында ол не үшін әлеуметтік желіге тіркелгенін айтып берді.

«Менің отбасылық чатым бар. Ол жерде балаларым әртүрлі хабарлама, сілтемелер жіберіп отырады. «Мынадай идеялар бар екен» деп  көрсетеді. Мен қарай бастадым. Қазақта «отырсаң опақ, тұрсаң сопақ» дейді ғой. Желіде отырсаң бір сынайды, отырмасаң тағы сынайды. Мен де адаммын, азаматпын, менің де өмірім бар. Мен де күнделік жүргізгім келеді. 24/7 режимінде жұмыстамын. Таңертең немесе кешке желіні қарайтын 20-30 минутым бар. Адамдарды не мазалайды, жастар не ойлайды? Білген маңызды», – дейді ол.

Облыс әкімі өңір басшылығына келмей тұрып, желіде белсенді болғанын айтады. Желіні әкім әлемді зерттеуге мүмкіндік беретін құрал деп біледі.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желілерде, әсіресе, Threads платформасында ерекше белсенділігімен көзге түсіп, желі қолданушыларының назарын аударғаны жайлы жазған едік.