Павлодардан неге мыңдаған адам көшіп кетті – әкім жауабы

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ-де өткен брифингте өңірден азаматтардың жаппай көшуіне қатысты сұраққа жауап берді.

Журналист әкімнен биылғы 10 айда өңірден неге 6 мыңнан астам адам көшіп кеткенін сұрады.

«Мен сіздерге бұл сұраққа кеңірек жауап берейін. Өйткені бұған жай ғана қысқа жауап беру мүмкін емес. Бұл – біз жұмыс істеп жатқан негізгі жүйелі мәселелердің бірі», – деді Байханов.

Байхановтың айтуынша, халықтың көшуінің басты себептерінің бірі – өңірдегі күрделі экологиялық жағдай. Ол Павлодар облысы ел бойынша атмосфераға зиянды қалдықтарды ең көп шығаратын аймақтың бірі екенін атап өтті.

Әкім халықтың басқа өңірлерге және шетелге кетуіне әсер ететін тағы бір фактор ретінде жергілікті жастардың Ресейге оқуға баруын да айтты. Облыс Ресеймен шекаралас болғандықтан, көптеген мектеп түлектері Новосибирск, Омск, Томск және Кемерово қалаларындағы жоғары оқу орындарын таңдайды.

Сөзінше, студенттердің шамамен 5060 пайызы оқуын аяқтағаннан кейін, сол жақта қалып қояды.

Сондай-ақ оқыңыз