Жаңалықтар

Қостанайда өрт сөндірушілер 4 адамды оттан алып шықты

Спасение из пожара/
Өрт сөндірушілер түтінге толы көпқабатты үйден 4 адамды құтқарды / Фото: МЧС РК

Қостанай қаласының төтенше жағдайлар қызметкерлері түтінге толы көпқабатты үйден 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратқа сүйенсек, Қостанай қаласының Абай даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттында электр қалқанынан өрт шығып, ТЖД шақырылған.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы және ппаттар медицинасы орталығының бригадасы ғимаратта адамдар барын анықтаған.

ТЖМ қызметкерлері түтін басқан аймақтан 4 адамды, оның ішінде 2 баланы аман алып шығып, одан кейін өртты толық сөндірген.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дер кезінде хабарласуға шақырды.