Lifestyle

«Құдай салмасын»: Ерсін Есенаман «Қызық премияға» ренішін білдірді

коллаж: kursiv.media

«Құдай салмасын» сөзімен танылған қарапайым блогер Ерсін Есенаман «Қызық премия» бағдарламасына қатысты наразылығын ашық айтты. Ерсіннің айтуынша, аталған жобаға қатысу көптен бергі арманы болғанымен, ұйымдастырушылар тарапынан шақырту түспеген.

Блогер бағдарламаның қатысушыларын сынға алып, марапат негізінен бұрыннан белгілі КВН, кино және шоу-бизнес айналасында жүрген актерлер мен әртістерге ғана бұйыратынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл үрдіс жаңа әрі халық арасынан шыққан таланттардың еленбей қалуына себеп болып отыр.

«Күштілердің өзін шақырған жоқ. Сол баяғы КВН мен киноның ар жақ-бер жағында жүрген актер, әншілер. Бізді қайтсін? Оны көріп жынданасың. Бізді де ойлау керек қой. Нағыз таланттар халық арасында жүр», – деді блогер.

Сондай-ақ Ерсін Есенаман «Қызық премияның» шынайы көрсеткішке айнала алмай отырғанын айтты. Сондай-ақ биыл марапатқа шақырылғандардың ішінде «Қайрат» футбол клубының ойыншылары ғана лайықты болды» деген пікір білдірді.

Бұған дейін, Ерсін Есенаман Динара Сәтжанмен бірге билеп, видео түсірген еді.