Жаңалықтар

TikTok АҚШ-тағы активтерін сату туралы келісімге келді

TikTok
фото: коллаж Kursiv Media

TikTok өзінің америкалық бөлімшесін жергілікті инвесторлар – Oracle, Silver Lake және MGX компанияларына сату туралы мәмілеге келді. Бұл келісім қосымшаның ел аумағында жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді, деп жазады The Guardian.

Мәміле 22 қаңтарда аяқталады деп жоспарланған. Меморандум бойынша:

  • TikTok-тың жаңа америкалық бірлескен компаниясының 50%-ы инвесторлар консорциумына тиесілі болады (әрқайсысы 15%-дан иеленеді).
  • 30,1%-ы қолданыстағы инвесторлардың үлестес тұлғаларына тиесілі болады.
  • 19,9%-ы ByteDance компаниясының иелігінде қалады.

Ақ үй өкілдері мәміле аясында Oracle компаниясы TikTok-тың ұсыныстар алгоритмін пайдалануға лицензия алатынын мәлімдеді.

Осыған дейін, қыркүйекте Трамп ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен сөйлесіп, оның келісімін алғанын айтқан.

Қазанда Ақ үй басшысы Скотт Бессент тараптардың TikTok бойынша түпкілікті келісімге келгенін жариялады.