
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан әнші Бақыт Тұрманның «Әзіл әлемі» сахнасына шығарылмай қалғаны туралы айтылған қауесетке қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Бақыт Тұрман «Әзіл әлемі» сахнасына үш рет шығып, ән айтқан.
Мөлдір Мұқанова бұл туралы «Тек қана қыздар» подкастында айтты.
«Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Бибігүл Төлегенова сынды танымал әртістерді шақырғанда, әуежайдан қарсы алып, барлық жағдайын жасайтынмын. Тұрсынбекке әрдайым: «Сен биіксің, сенің «Әзіл әлемің» жоғары деңгейден түспеуі керек. Бұл сахнаға тек танымал адамдар шығуы тиіс» деп айттым», – деді ол.
Мөлдір Мұқанова Бақыт Тұрманның «мені сахнаға шығармай қойды» деген сөздеріне де тоқталды. Оның айтуынша, Бақыт Тұрманды өнер көрсетуге шақыру мәселесі де қаралған.
«Жаным ашып, Тұрсынбекке: «Осы сахнада бағы жанып, танымал болып кетсе, шықсын» дедім. Егер адам танымал болмаса, бағы жанбаса, оны не үшін шақыру керек? Бұл үшін бізге ренжудің қажеті жоқ. Баланың тірлігі сияқты. Мен оған жауап беріп, оның деңгейіне түскім келмейді», – деді Мөлдір Мұқанова.
Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Тұрман Instagram парақшасында Мөлдір Мұқанованың фильміне қатысты өткір сын айтқан еді. Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары фильмнің актерлік құрамын әлсіз деп бағалап, юмор мен сатираның жеткіліксіз екенін атап өтті.