2027 жылы Дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Дзюдо федерациясынан

«Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізеді. Бұл жайлы «Орталық Азия – Жапония» саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз. Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», – деді ол.

Дзюдоның негізін Дзигоро Кано есімді жапондық шебер қалаған. Алғашқы әлем чемпионаты да Жапонияда өтті. Ал былтырғы халықаралық турнир Абу-Дабиде болған еді.

Жапонияға сапары кезінде Тоқаев қазақстандық сумоист Кимбозанмен кездескен. Жапонияда білім алған Еркін Балтағұл он жыл бойы Қазақстанды әлемдік деңгейде абыроймен таныстырып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз