Біріккен Араб Әмірліктерінің қалаларын су басты

Біріккен Араб Әмірліктерінің қалалары су астында қалдырды. Ел билігі халықты үйден шықпауға, су басқан аймақтардан аулақ болуға және көлікпен жүруді шектеуге шақырып жатыр деп жазады Қазақпарат тілшісі.
БАӘ Ұлттық метеорология орталығы бүкіл ел аумағында ауа райының тұрақсыз болатынын хабарлады. Алдағы уақытта да нөсер жауын мен қатты жел соғады деп болжануда.
Толассыз жауын Әмірліктердің үлкен бөлігін қамтыды. Khaleej Times басылымының мәліметінше, ең көп жауын-шашын Рас-эль-Хаймада тіркелген (127 мм). Сондай-ақ Сакр портында 123 мм, ал Джабаль ар-Рахба мен Джабаль-Джейс таулы аймақтарында тиісінше 117,5 мм және 166,6 мм жауын жауған.
Елдегі ең ірі қалалардың бірі Дубайды да су басты. Қауіпсіздік мақсатында билік қаладағы барлық саябақ пен қоғамдық жағажайды жауып тастады.