Қазақстан мен Жапония 3,7 млрд доллардан асатын бірнеше келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Жапония тарапы 3,7 млрд доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақордадан хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтар жасалғанын атап өтті.
«Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет. Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар», – деді Тоқаев.
Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 млрд доллардан асты.
Тоқаевтың сөзінше, екі ел арасындағы сауда көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді.