Жаңалықтар

Инвесторлар АҚШ-тың Венесуэлаға соғыс жариялауынан қауіптенуде

алтын золото gold
фото: shutterstock

Алтын, мұнай, биткойн

Апта бойы алтын мен мұнай бағасы әртүрлі динамика көрсетті. Қазіргі уақытта алтын бағасы 4 373,00 доллар шамасында өсіп, 1,23%-ға артты. Бұл әлемдік экономикалық белгісіздік және инфляцияға қарсы құнды металл ретінде танымал болуына байланысты. Ал мұнайдың Brent маркасының бағасы соңғы бір аптада 60,65 доллар деңгейіне төмендеп, 0,79%-ға арзандады. Бұл мұнай нарығындағы артық ұсыныс пен шикізатқа сұраныстың төмендеуіне байланысты болуы мүмкін.

Биткоин бағасы аптаның соңына қарай 88 203,40 доллар деңгейінде болды, 2,28%-ға төмендеді. Цифрлық валюталардың бағасының төмендеуі, бір жағынан, нарықтағы құбылмалылық пен реттеу мәселелерінің әсерінен болуы ықтимал. Криптонарық соңғы екі айда қиын кезеңде десекте болады

Әлем нарығы

Қытайдың Hang Seng индексі 0,28%-ға, ал Shanghai индексі 0,54%-ға өсті, бұл елдің экономикалық өсуі мен тұрақтылығына деген сенімділіктің артып келе жатқанын көрсетеді.

Ресейдің МОСБИРЖА индексі 0,21%-ға төмендеп, 2 743,09 деңгейінде қалып отыр. Ал Ұлыбританияның FTSE 100 индексі 2,00%-ға өсіп, 9 897,42 деңгейінде тұр.

S&P 500

Апта басынан бастап S&P 500 индексінің фьючерсі 0,76%-ға төмендеп, 6834.5 пунктке жетті. Бұл теріс нәтиже болды. Бейсенбіде бенчмарктің апталық құлдырауы 1,65%-ға дейін жетіп, 6716 пунктке түсіп кетті. Осыдан кейін қайта көтерілу басталды.

Нарықтағы құлдыраудың негізгі себебі ретінде жасанды интеллект (ЖИ) секторы қарастырылуда. Дәлірек айтқанда, Oracle (ORCL) компаниясының қаржылық проблемалары. Бейсенбіде және артынша жұмада болған акциялардың қайта көтерілуі нашар жаңалықпен бұзылды.

Қосымша қауіп ретінде Венесуэлаға соғыс жариялануы туралы қауесеттер шықты. Америкалық танымал журналист Такер Карлсон 17 желтоқсан күні кешке Дональд Трамп түнгі үндеуінде соғыс жариялауы мүмкін екенін айтты. Алайда ештеңе болмады. Бірақ бейсенбі күні кешке NBC журналистінің сұрағына Трамп соғыс жариялау мүмкіндігін жоққа шығармады. Карлсонның болжамы шындыққа жақын болуы мүмкін.

Теңіз блокадасына қарсы Венесуэла мұнай танкерлеріне әскери кемелерден тұратын конвой жіберді. Бұл оңтүстік америкалық елге мұнай экспортын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бірақ сонымен бірге, әскери қақтығыс мүмкіндігін арттырады. Қажет болса, соғыс жариялау үшін сылтау ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Polymarket-те 31 қаңтар 2026 жылға дейін осындай мүмкіндіктің ықтималдығы 39,0%-ға бағаланып отыр. Апта басында бұл көрсеткіш 32,0% болатын. Ықтималдық жоғары. Бірақ дәл қазір оған ставка жасауға болмайды.

Қазақстан қор нарығы

Қазақстан қор нарығының KASE индексі 1,34%-ға төмендеп, 6 987,76 деңгейіне жетті. AirAStana, Kcell, Kazatomprom компаниялары аптаны қызылмен жауып, индексті  төмендетіп жіберді.

Теңге осы аптала бір доллар үшін 514-517 теңге дәлізінде сақталды. Егер сейсенбідегі демалыстан бері теңге бағытына қарасақ,  үш күн қатарынан құнсызданған.