Алматы бокс федерациясы Алуа Балқыбековаға BYD автокөлігін табыстады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram

Алматы қаласының бокс федерациясы халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген боксшы Алуа Балқыбекованы арнайы марапаттап, BYD маркалы автокөліктің кілтін табыстады.

Марапат 21 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Алматы бокс федерациясының жылдық конференциясы аясында берілген. Салтанатты жиында биыл әлемдік додаларда жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатқан #AlmatyBoxingTeam командасының өзге де өкілдері назардан тыс қалмай, құрмет грамоталары мен ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Еске сала кетейік, Алуа Балқыбекова қыркүйек айында Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында топ жарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз