Lifestyle

Ақан Сатаевтың жары Альмира Тұрсын болашақ сәбиінің жынысын жариялады

фото: instagram

Танымал актриса, режиссер Ақан Сатаевтың екінші әйелі Альмира Тұрсын болашақ сәбиінің жынысын жариялады. Қуанышты жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Альмира Тұрсын жазбасында гендер-патиді өткізбегенін атап өтіп, сәбиінің жынысын әзіл-шыны аралас жариялаған.

«Гендер пати қазақтардың мерекесі емес», – деп, фото сала салайыншы. Ал енді… Құдай бұйырса ҚЫЗ күтудеміз!», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаның жазбасына бейжай қалмай, жылы лебіздерін білдірді. Пікір қалдырғандар арасында:

«Өзіңіз сияқты керемет сұлу келсін», «Аман-есен бауырыңызға басыңыз!»,
«Тағы бір Томирис келеді», – деген құттықтаулар жиі кездесті.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова берген сұхбаттарының бірінде Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын жарасымды жұп екенін атап өткен еді.

Актриса көрерменге режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильміндегі басты рөлі арқылы кеңінен танылды.