Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі қайда өтеді

Жарияланды 22 Желтоқсан 2025 09:43

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Асанәлі Әшімов
Фото: instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi/

Қазақстанның театр және кино өнерінің аңызы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні өмірден өтті.

Марқұммен қоштасу рәсімі 23 желтоқсан, сейсенбі күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Қоштасу рәсіміне қоғам қайраткерлері, әріптестері, шәкірттері және халық қатыса алады.

Ресми мәліметке сәйкес, қонақасы 22 желтоқсан күні сағат 18:00-де «Қабылдау үйінде» (Құрманғазы көшесі, 44) ұйымдастырылады. Ал жерлеу рәсімі «Кеңсай-1» зиратында өтеді.

Сонымен қатар, 23 желтоқсан күні сағат 13:00-де марқұмның асы Royal Tulip мейрамханасында беріледі.

Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовтің туыстарына көңіл айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз