
Бірнеше жерде жұмыс істейтін және айына 3 млн теңгеден астам немесе жылына 36 млн теңгеден астам қаржы табатын қазақстандықтар прогрессивті жеке табыс салығын төлейтін болады. Олар салық декларациясын тапсыруға, сондай-ақ, жылына 36 млн теңгеден асатын сомадан 15% ЖТС төлеуге тиіс. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржанов мәлімдеді.
«Қазір бізде 10% шкала бар (ЖТС – Курсив). Келесі жылдан бастап 15% болады, яғни жылдық табысы 36 млн теңгеге жеткен кезде жеке тұлға 15% ставкаға ауысады. Егер азамат жұмыс істейтін болса, бірнеше кіріс көзі болса, тиісінше оған жауапкершілік жүктеледі – егер ол 36 миллион теңге шегінен асып кетсе, жай (салық – Курсив) декларацияны тапсыруы керек», – деді ол Назарбаев Университетінің Ұлттық талдау орталығында журналистерге.
Жаңа Салық кодексі 2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізді:
- 10% – 8 500 АЕК-ке дейінгі табыстарға (2026 жылға бір АЕК 4 325 теңгені, 8 500 АЕК – 36 762 500 теңгені құрайды);
- 15%-дан сомадан жоғары кірістерге.
«Яғни, бұл айына 3 млн теңге есебінен. Жалақыны жоғары алатындар, тиісінше, салық ставкасы көтеріледі», – деп атап өтті Жәнібеков.
Айта кетейік, Жаңа Салық кодексіне сәйкес, келесі жылдан бастап ютуб немесе тик-токтан табыс табатын блогерлер декларация тапсырып, мемлекетке салық төлеуге тиіс екенін жазғанбыз.