Lifestyle

«Бойдақпын»: төрт баласы бар еркек блогермен таныспақ болған

фото: instagram

Жүзефина лақап атымен танылған блогер Жұлдыз Жауынбаева журналист Лаура Лесбектің LAULA подкастына берген сұхбатында өміріндегі күтпеген әрі сабақ болған оқиғаны бөлісті. Оның айтуынша, кезінде өзін бойдақ ретінде таныстырған азаматтың артында отбасы мен төрт баласы бар екені белгілі болған.

Блогердің сөзінше, олар екі рет қана кездескен. Кездесулер бейресми форматта өтіп, жай ғана кофе ішіп, әңгімелесумен шектелген.

«Танысқан кезде бойдақпын, үйленбегенмін деді. Екі рет қана кездестік. Бірақ бір сәтте ішім ауырып, бірдеңе дұрыс емес екенін сездім», – дейді блогер.

Күмәнданған соң, блогер таныстары арқылы ер адам туралы ақпаратты тексеруді жөн көрген. Нәтижесінде оның ресми түрде үйленгені, төрт баласы бар екені анықталған.

«Сөйтсем, ағамның әйелі, төрт баласы бар болып шықты. Үшінші кездесуге шақырғанда, мен дүкеннен түрлі тәттілер алып бардым», – деп еске алды ол.

Жүзефина Жұлдыз Жауынбаева үшінші кездесуде ер адамға тәттілерді ұсынып, оларды балаларына апаруын өтініп, сол жерде кетіп қалғанын айтты.

«Кездескенде, мынаны бала-шағаңызға апарыңыз дедім де, тұрып кетіп қалдым», – деді блогер.

Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік блогердің ұстанымын қолдады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жузефина құранды рэп қылып оқып, сынға ұшыраған еді.