
Алматыда студент оқытушысын пышақтаған. Ақпаратты қала полициясының баспасөз қызметі растады.
«Алмалы ауданы полициясы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Qumash телеграм арнасының жазуынша, оқиға ALT University оқу орнында болған. Оқытушының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетейік, елде медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасағандарға жаза күшейеді. Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне күш қолдану немесе қорқытуға қатысты жаңа 380-3-бап енгізілді.