Жаңалықтар

Қызылорда облысында қуаңшылық болуы мүмкін

Мұны облыс әкімі айтты/фото: shutterstock

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 2026 жылы өңірде қуаңшылық болуы мүмкін екенін айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАҚ өкілдері «2026 жылы өңірде су тасқыны болуы мүмкін бе» деп сұрады.

«Су тапшылығын кезініп жатқан өңірміз. Су тасқыны болады деген қауіп жоқ. Керісінше су тапшы болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығымен айналысатын өңір болғандықтан, суды үнемдеу үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Бұрын өңірде су тасқыны болған. Сол кезде «Көксарай» су реттегіші салынған», – дейді Нәлібаев.

Айтуынша, облыс көп судан қорықпайды, керісінше қабылдауға дайын.

Бұған дейін Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров өңірде су тапшы болатынын айтты.