
2026 жылдың бірінші қаңтарынан бастап елде АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшері көбейеді. Осыған орай елде құжат рәсімдеу құны да қымбаттай түседі.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір АЕК 4 325 теңге болып белгіленді. Былтыр оның көлемі 3 932 теңге еді. Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығының мөлшері де өседі.
Төлқұжат және жеке куәлік:
- Қарапайым төлқұжат (36 бет): 8 АЕК – 34 600 теңге (2025 жылы – 31 456 тг).
- Төлқұжат (48 бет): 12 АЕК – 51 900 теңге (2025 жылы – 47 184 тг).
- Балалар төлқұжаты: 4 АЕК – 17 300 теңге (2025 жылы – 15 728 тг).
- Жеке куәлікті жоғалту: (бір жыл ішінде екі реттен көп болса) 1 АЕК – 4 325 теңге.
Жүргізуші куәлігі және АХАТ қызметтері:
- Жүргізуші куәлігі: 1,25 АЕК – 5 406 теңге.
- Неке қиюды тіркеу: 1 АЕК – 4 325 теңге.
- Ажырасу (некені бұзу): 2 АЕК – 8 650 теңге (2025 жылы – 7 864 тг).
Басқа да қызметтер:
- Туу туралы куәлік: тегін беріледі.
- Туу туралы куәлікті жоғалту (қайта алу): 0,5 АЕК – 2 163 теңге.
Тағы бір жаңалық, келесі жылдан бастап жеке басты куәландыратын құжат тегін беріледі.