Сиыр етін шетелге сатуға шектеу енгізіледі

Үкімет сиыр етін шетелге сатуды алты айға шектеуді көздеп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Ашық үкіметтегі талқылау 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Министрлік комиссиясы осындай шешімді 2025 жылғы 18 желтоқсанда қабылдаған.
Бұйрық жобасына сай, ірі қара етін шетелге, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне сатуға алты айға квота белгіленеді. Дегенмен талқылауға шыққан жобада квота көлемі көрсетілмеген.
Естеріңізге сала кетейік, биыл желтоқсанның басында үкімет сиыр еті экспортына квотаны жыл аяғына дейін 13 мың тонна деп белгілеген.
Мұндай шешім «сиыр еті бағасын тұрақтандыру» мақсатында қабылданған.
Қазақстанда ең арзан сиыр еті Батыс Қазақстан облысында сатылады. Осы өңірде ірі қара етінің орташа бағасы – 3060 теңге.