
Еуразия экономикалық одақтың (ЕАЭО) Жоғары кеңесі аясында жиырма шақты құжат қабылданды. Солардың бірі ұйымға мүше елдер мен Индонезия арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім бар. Құжаттар тізімін Кремль жариялады.
Ақорда мәліметінше, ұйым кеңесінің жұмысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Жиналыс Санкт-Петербург қаласында өтті.
Индонезия – Оңтүстік-Шығыс Азияда 282,4 млн тұрғыны бар ірі мұсылман елі. ЕАЭО-ға Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей және Қырғызстан елдері кіреді.
Одақ елдері мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімді енді осы елдердің парламенттері мақұлдауға тиіс.
Құжат күшіне енген соң, Индонезияның Қазақстан тауарларына қолданатын орташа кеден салығы 10%-дан 2%-ға дейін, яғни бес есе төмендейді. Соның арқасында қазақ экспортын айтарлықтай арзандатады, сонымен бірге оны бәсекеге қабілетті етеді.
Одақ елдері Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ірі нарыққа мұнай өнімдерін, астық, тыңайтқыш, металл және химикаттар шығара алады. Ал Индонезиядан пальма және кокос майым, каучук, электроника, тұрмыстық техника, киім, кофе, теңіз өнімдері әкелінеді.
Алдағы бес жыл ішінде ЕАЭО мен Индонезия арасындағы сауда екі есе өсуі мүмкін.