962 млн: «Аватар: От пен күл» алғашқы аптада-ақ кассалық рекорд орнатты

Жарияланды 23 Желтоқсан 2025 11:35

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Аватар: От пен күл» рекорд орнатты / фото: kursiv.media архиві

Джеймс Кэмеронның кезекті фильмі «Аватар: От пен күл» прокатқа шыққан алғашқы аптасында-ақ Қазақстан кинотеатрларында рекордтық табыс жинады. Freedom Ticketon ұсынған деректерге сәйкес, фильм 962,7 млн теңгеден астам кассалық түсім көрсетіп, апталық бокс-офисте сөзсіз көш бастады.

Ауқымды фантастикалық жоба көрерменнің қызығушылығын тудырып, прокаттағы өзге фильмдерді айқын басып озды. Тіпті прокаттың алғашқы жеті күнінде-ақ «Аватар: От пен күл» жылдың ең табысты премьераларының біріне айналды.

Апталық бокс-офис көшбасшылары (18–21 желтоқсан):

  • «Аватар: От пен күл» – 962 790 127 теңге (1 апта)
  • «Аңдар шаһары 2» – 163 044 505 теңге (4 апта)
  • «Фреддидің бес түні 2» – 32 517 095 теңге (3 апта)
  • «Ёлки 12» – 17 200 820 теңге (1 апта)
  • «Вечность» – 10 578 750 теңге (1 апта)

Айта кетейік, бұған дейін «Аңдар шаһары 2» мультфильмі прокаттағы алғашқы аптасында 856 млн жинаған еді.

«Аватар: От пен күл» фильмі прокатқа 18 желтоқсан күні шыққан еді. Алайда 17 желтоқсан күні жабық көрсетілімде қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетілмеді.

Сондай-ақ оқыңыз