
23 желтоқсан күні таңертең Абай облысындағы тас жолда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлады облыс полиция департаменті.
Жол көлік оқиғасы Алматы-Өскемен автожолының 681 шақырымында орын алды. Yutong автобусы мен КамАЗ-5320 соқтығысқан.
«Соқтығысу салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккендердің үшеуі медициналық мекемеге барып, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді», – деп хабарлады Абай облысы полиция департаменті.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.