Бектеновтен мақтау естіген Коняшкиннің қызметі жоғарылады
Жарияланды

Коняшкин Ростислав жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкімет сайтында жазылған.
Осыған дейін ол жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып жұмыс істеген еді.
Ростислав Коняшкин – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі.
Еңбек жолы:
- 2011–2014: Мансабын «KazTransCom» және «Astana Innovations» компанияларында консультант және маман ретінде бастаған.
- 2014–2020: Білім беру, мемлекеттік қызмет көрсету («Азаматтарға арналған үкімет»), телекоммуникация («Транстелеком») және АТ салаларында жобалық менеджер, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
- 2020–2021: Цифрлық даму министрлігінің (ЦДИАӨМ) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.
- 2021–2024: «Ұлттық aқпараттық технологиялар» АҚ (NITEC) Басқарма Төрағасы.
- 2024–2025: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.
- 2025 жылдың қазанынан бастап: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі.
Коняшкин желтоқсанда үкімет отырыстарының бірінде қазақша баяндама жасаған. Сол үшін премьер-министр Бектенов жақсы баға берген еді.