
Алты ай бұрын Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында оқыс оқиға болды. Ауылда 16 жасар қыз жоғалып кетіп, кейін денесі жол бойынан табылған болатын. Қайғылы оқиғаға қатысты бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталған.
23 желтоқсан күні іс бойынша сот үкімі оқылды. Айыпталушы ретінде 38 жастағы Өзбекстан азаматы танылған. Ол қылмыстық кодекстің 3 бабы: «Адам өлтіру», «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша кінәлі деп танылды.
«Сардор Абдумуминович Исамиддинов Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 120-бабы, 121-бабымен кінәлі деп танылсын. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.
Бұдан бөлек сот сотталушыдан жәбірленушіге моральдық залал ретінде 50 млн теңге өндіруді міндеттеді. Бұл үшін сотталушыға 2 ай мерзім берді. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша ауыр түзеу мекемесінде өтейтін болды.
Сотталушы мен жәбірленуші тараптың сот үкімімен келісетіні не келіспейтіні беймәлім.
Іс сотта жабық қаралды. Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Қайғылы оқиға 5 маусымнан 6 маусымға қараған түні болған.