Жаңа жыл қарсаңында Ақтауды безендіруге 80 млн теңге жұмсалады

Жарияланды 23 Желтоқсан 2025 16:35

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Маңғыстауда ескі шыршалар қолданылады/фото: shutterstock

Ақтауды жаңа жылға безендіруге 80 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Биыл шырша сатып алған жоқпыз. Ескі шыршаларды қоямыз. Облыс орталығы (Ақтау қаласы – ред.) безендіруге 80 млн теңге шығардық», – деді Қилыбай.

Ал Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсайды.

Айта кетейік, жаңа жыл кезінде отшашу үшін айыппұл салынады.

  • фейерверктерді заңсыз сату – 25 АЕК (2025 жылы шамамен 92 мың теңге);
  • тыйым салынған жерлерде пиротехниканы қолдану –  20 АЕК және өнім тәркіленеді;
  • Егер 16 жастан кіші балалар отшашу атса, олардың әке-шешесіне 20 АЕК айыппұл салынады;
  • Бір жыл ішінде осы заңбұзушылық қайталанса – 30 АЕК.
Сондай-ақ оқыңыз