Каспий теңізінде тағы да жер сілкінісі болды
Жарияланды

23 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 08:32-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелген.
Лада мәліметі бойынша, бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлаған.
Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,8 балл болды. Жер сілкінісінің ошағы теңізде, Баку қаласы мен Қара-Боғазкөл шығанағының аралығында орналасқан.
Volcanodiscovery.com деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 балл болған, ал ошағы 57 шақырым тереңдікте жатқан.
Айта кететін жайт, 11 желтоқсанда Каспий теңізінде магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу ошағы теңіз табанында Түркіменстанға жақын аймақта орналасқан еді.