Маңғыстау облысының әкімі айына 1,9 млн теңге жалақы алады
Жарияланды
(жаңартылды )

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өзінің жалақысы 1,9 млн теңгені құрайтынын хабарлады. Олардың шамамен 20%-ы алимент ретінде ұсталады.
ОКҚ брифингі барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жалақысы қанша екенін айтты. Ол мұны журналистің некесіз туған ұлана қанша алимент төлеп отырғаны жайлы сұрағына жауап беру кезінде мәлім етті.
«Бүгінде заң бойынша алимент төленеді. Сомасына келетін болсақ, жалақының шамамен 20 немесе 25%-ын құрайды. Менің жалақым – 1 млн 900 мың теңге. Бұл менің қолыма алатыным және осы сомадан алимент алынады», – деді облыс әкімі.
Бұған дейін Нұрдаулет Қилыбай облыс мәслихатының бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі деп танылды. Әкім баласына алимент төлегенімен, араласпайтынын айтты.