Жаңалықтар

Маңғыстау облысының әкімі айына 1,9 млн теңге жалақы алады

Маңғыстау облысының әкімі айына 1,9 млн теңге жалақы алады / Фото: коллаж kursiv.media

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өзінің жалақысы 1,9 млн теңгені құрайтынын хабарлады. Олардың шамамен 20%-ы алимент ретінде ұсталады.

ОКҚ брифингі барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жалақысын атады. Ол мұны журналистің некесіз туған ұлы үшін төлеуге тура келетін алимент мөлшері туралы сұрағына жауап беру кезінде айтты.

«Бүгінде заң бойынша алимент төленеді. Соммасына келетін болсақ, жалақының шамамен 20 немесе 25% құрайды. Менің жалақым – 1 млн 900 мың теңге. Бұл менің қолыма алатыным және осы сомадан алимент алынады», – деді облыс әкімі.

Бұған дейін Нұрдаулет Қилыбай облыс мәслихатының бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі деп танылды. Әкім баласына алимент төлегенімен, араласпайтынын айтты.