Lifestyle

Қазақстанның төрт қаласында жаңа жылдық Coca-Cola керуені жүреді

фото: Shutterstock

25-30 желтоқсан аралығында Қазақстанның бірқатар қалаларында дәстүрлі жаңа жылдық Coca-Cola керуені жолға шығады. Мерекеге сай безендірілген жүк көліктері тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлап, қала көшелерімен жүріп өтеді.

Биыл Coca-Cola керуенінің қозғалысын 2GIS қосымшасы арқылы онлайн бақылауға болады.

  1. Өз қалаңызды таңдаңыз;
  2. 2GIS-та Coca-Cola Керуенің достар қатарына қосыңыз;
  3. Push-хабарламаларды іске қосыңыз – керуен жақындағанда бірден хабарлама келеді.

Алматы

Алматы қаласында Coca-Cola керуені 25, 26, 27, 29 және 30 желтоқсан күндері негізгі бағыт бойынша, ал 28 желтоқсанда балама бағытпен жүріп өтеді.

Астана

Елордада керуен 25, 26, 27, 29 және 30 желтоқсан күндері бірінші мерекелік бағытпен, ал 28 желтоқсанда балама бағытпен қозғалады.

Шымкент

Шымкентте Coca-Cola керуені 25, 26, 27, 29 және 30 желтоқсанда негізгі бағыт бойынша, 28 желтоқсанда балама бағыт бойынша жүреді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында да жаңа жылдық Coca-Cola керуені ұйымдастырылады. Барлық қалалар бойынша керуеннің нақты жүру бағыттарын 2GIS қосымшасынан және мына жерден көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы жаңа жылдық локациялар туралы жазған едік.