Lifestyle

Ресейлік миллиардердің ұлы Бозжырада қонақүй салып жатыр

Ресейлік миллиардердің ұлы Бозжырада қонақүй салып жатыр / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Мұратовский

Ресейлік миллиардер Араз Агаларовтың ұлы, әзербайжандық әнші әрі кәсіпкер Эмин (Еmin) Агаларов Маңғыстау облысындағы Бозжырада қонақүй салып жатыр, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

«Сіз әзербайжандық кәсіпкер Эмин Агаларов туралы айтып отырсыз. Ия, олар Баку қаласының жанынан Sea Breeze (Resort. – «Курсив») қаласын салады. Олар екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі – Бозжырадағы қонақүйдің құрылысы. Оның эскизі қазірдің өзінде жасалды», – деді ол брифингте.

Әкімнің айтуынша, Эмин Агаларовтың екінші жобасы Кендірлі қаласын дамыту бойынша жоспар дайындау болады. Маңғыстау әкімдігі Әзербайжан кәсіпкеріне тиісті өтінішпен жүгінген. Екі жобаның жалпы құны 250 млн еуроны құрайды.

Қилыбай инвесторлар мұны тек Бозжырады қонақүй салу, Кендірлі қаласын дамытудың жоспарын дайындау туралы айтып отырғанын нақтыламай, өңірге сыйлық ретінде жасап жатқанын айтты.

Бұған дейін әзербайжандық әнші және кәсіпкер Эмин Агаларов Маңғыстауда Каспий жағалауында курорт салғысы келетінін айтқан еді. Ол жағажайлары, тұрғын аудандары және демалыс аймақтары бар Әзербайжанның Sea Breeze Resort үлгісінде жасалады. Осы жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға Kazakh Tourism ұлттық компаниясымен 2025 жылдың мамыр айында қол қойылды.

Әлеуетті орындар ретінде Кендірлі және Ақтаудағы жылы жағажай қарастырылады. Агаларов кейінірек аймаққа келіп, учаскелерді тексеруді жоспарлаған. Маусым айында Әзербайжан кәсіпкері Бозжыраға барып, Маңғыстау облысының табиғи сұлулығына тәнті болғанын айтты.

Әзербайжандағы Sea Breeze

Эмин Агаларов – Бакуде Sea Breeze Resort курорттық аймағын салған Agalarov Development компаниясының президенті.

Sea Breeze Resort – 7 км жағалау сызығы бар 500 га аймақта орналасқан курорт. Онда тұрғын аудандар, қонақ үйлер, мейрамханалар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, концерт алаңдары мен жағажайлар бар. Ол Бакудегі олимпиада стадионынан 25 км қашықтықта орналасқан. 24 км-де Гейдар Алиев халықаралық әуежайы орналасқан.

Болашақта курорттың ауданы 1,3 мың га және жағалау көлемін 22 км дейін ұзарту жоспарланған. Мұнда 10 миллионнан астам ағаш отырғызылып, баламалы энергия көздерін белсенді пайдаланады.

Эмин Агаларовтың әкесі – кәсіпкер Араз Агаларов 2019 жылы Forbes нұсқасы бойынша ең бай ресейліктер тізімінде 1,9 миллиард доллар байлығымен 52-ші, 2021 жылы 1,2 миллиард доллармен 100-ші орынды иеленген еді. Сондай-ақ, Эмин Агаларов 2006-2015 жылдар аралығында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қызы Лейла Әлиевамен некеде болған. Әли және Микаил есімді ұлдары мен Амина есімді қыздары бар.