Жаңалықтар

Енді шағын бизнестен түскен салық әкімдіктерге қалады

Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Бюджет кодексіне сәйкес шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдері енді әкімдіктердің иелігінде қалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол шағын және орта бизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасының жобасын қарау барысында айтты.

«Жаңа Бюджет кодексі шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдерін әкімдіктердің иелігінде қалдыруды көздейді. Енді әкімдер әрбір кәсіпкердің табысқа жетуіне мүдделі болады, өйткені ол жергілікті бюджет кірістерінің өсуіне тікелей ықпал етеді», –  деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Үкімет өңірлердегі шағын және микробизнесті қолдауға арналған жаңа «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама ауылдар мен шағын, моноқалаларда өндірісті дамытуға бағытталған.