Синоптиктер төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Алматы, Павлодар және Балқаш қалаларында болжанып отыр / фото: shutterstock.com
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Алматы, Павлодар және Балқаш қалаларында болжанып отыр / фото: shutterstock.com

23 желтоқсанда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

 «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 23 желтоқсанда Атырау, Алматы, Павлодар және Балқаш қалаларында ауа қатты ластануы мүмкін.

«Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия секілді қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы», – делінген хабарламада.

Мұндай кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ашық ауада жүру уақытын қысқарту керек. Әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында абай болған жөн. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту қажет.

Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүргені абзал.

Ашық ауадағы физикалық жүктеме шектелуі тиіс. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу керек.

Мұның алдында алматылықтарға тауға бармауға кеңес берілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз