Тірі шыршалармен бірге үйге кене де келуі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Күн жылынған кезде кенелер қар мен мүктің астынан шығып, қылқанжапырақты ағаштарға қонады / Фото: Shuttertsock
Күн жылынған кезде кенелер қар мен мүктің астынан шығып, қылқанжапырақты ағаштарға қонады / Фото: Shuttertsock

Тірі шыршалармен бірге үйге кене де келуі мүмкін. Бұған қыстың жылы болуы түрткі болып отыр. Сондықтан кенелер ерте оянуы ықтимал.

Молния ақпаратына қарағанда, мұндай бірнеше жағдай Ресейдің астанасы Мәскеуде және Мәскеу облысында тіркеліп үлгерген.

Күн жылынған кезде кенелер қар мен мүктің астынан шығып, қылқанжапырақты ағаштарға қонады. Қоңыр түсті болғандықтан, оларды жиі қабықжегі қоңыздармен шатастырып жатады.

Кенелер көбінесе ағаш қабығының жарықтарында және инелердің арасында жасырынғанды ұнатады.

Кененің шағуы адам өмірі үшін қауіп тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, энцефалитке, боррелиозға әрі анаплазмозға шалдықтырады.

Мұның алдында кене энцефалитіне қарсы вакцинаны қалай салдыру керек екені туралы толық ақпарат жарияланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз