
Адамзат тарихында алғаш рет алтынның бір унциясының бағасы 4,5 мың доллардан асты. Құнды металл кейінгі елу күннен бері үздіксіз нығайып келеді.
23 желтоқсанда Нью-Йорк тауар биржасында (COMEX) алтынның бір унциясының ақпандағы фьючерсі 4502,4 долларға дейін көтерілді. Bloomberg агенттігі қымбат металл құнының көтерілуін әлемдегі геосаяси тұрақсыздықпен, сонымен бірге АҚШ федералдық қоры бойынша мөлшерлемесін түсіреді деген болжаммен байланыстырды.
Дегенмен дәл осы сәттегі сауда барысында алтын әлі 4 500 доллардың межені еңсере қойған жоқ. 23 желтоқсан сағат 08:30-да алтынның бір унциясы 4 486,62 доллардан сатылып жатыр. Алтын бір тәулікте ғана 3,38%-ға, яғни 146 долларға көтерілген. Баға дәл осылай көтеріле берсе, ол 4,5 мың долларлық межені бүгін-ақ еңсереді.
Бұған дейін алтын 4,4 мың долларлық межені 18 желтоқсанда еңсерген. 2025 жылы алтын бағасы күрт көтеріліп, бірнеше мәрте тарихи рекорд жаңартқан.
Алтынмен бірге күміс бағасы да өсіп жатыр. Қазір ол 69,65 доллар тұрады.