Доллар бірден шамамен 6 теңгеге арзандады

Жарияланды 23 Желтоқсан 2025 12:54

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
фото: shutterstock

2025 жылғы 23 желтоқсанда ұлттық валюта бірден шамамен 6 теңгеге нығайды. Сейсенбі күні түскі сағат 12:30-дағы мәлімет бойынша, KASE-де 1 доллар 509,10 теңге тұрады.

Бір күн бұрын – 22 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында валюта саудасында доллар бағасы 515,55 теңгемен жабылған. Енді бүгін көк қағаздың шамамен 6 теңгеге арзандағанын көріп отырмыз.

Сағат 12:30-дағы мәлімет бойынша, биржада 213 млн долларға валюта саудасы жасалды. Соған қарағанда, Ұлттық банк теңгені нығайту үшін «айналау», яғни интервенцияның бір түрін жүргізіп жатқан болуы керек. Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2025 жылғы қараша-желтоқсан айларына осы мақсатқа тағы 1 трлн теңге салу көзделген. Ал қаңтар-қазан айларына 2,7 трлн теңге, яғни шамамен 5,1 млрд доллар жұмсалған.

Елдегі валюта айырбастау мекемелерінде де доллар арзандады. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 511,5 теңгеден қабылданып, 512,5 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, баға сәл жоғары – 508 және 515 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз